ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Т.Дәулеталин Жамбыл облысына келген сапарынан

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Т.Дәулеталин Жамбыл облысына келген сапарынан
«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің Конференция залында С.Дәулеталин облыстық кәсіподақ белсенділерімен кеңес өткізді.
Кеңеске «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт, туризм және ақрпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалына қарасты ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Кеңесте Кәсіподақ қозғалысын мейлінше жалпыхалықтық сипатқа жеткізу, кәзіргі жағдайда жұ¬мыс берушілер мен кәсіподақ ұйым¬дарының жауапкершілігін арттырып, оның дамуы мен нығаюына жол ашу туралы сөз қозғалды.
Мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бықыбаев Бүгінгі күнгі өзекті мәселе Кәсіподақ ведомствосындағы шипажайлардың бағасы жылда көтеріліп келетіндігін айтып, осы жағынан бір жеңілдіктер болып жатса деді.
Сонымен қатар, мәдениет саласында 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар және Қазақстан Республикасының құрметті мараппатары, атақтары бар қызметкерлерін тестілеуден босату, мәдени-демалыс мекемелерінің «мәдени ұйымдастырушы» қызметкерлеріне санат беруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар еңгізуді, себебі, бүгінгі күні «мәдени ұйымдастырушы» санатын (екінші, бірінші және жоғары) көтеруге және беруге қойылатын талаптардың болмауына байланысты мәдени ұйымдастырушылары өздерінің біліктілік санатын көтеру құқығынан және олардың санаттарын көтеру кезінде тиісті төлем-ақысы көтерілмей лайықты ақы алу құқығынан айырылып отыр.
«Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» мемлекеттік мекемелерінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы сияқты 75% — ға арттыру туралы мәселені қарастыру қажет деді. Себебі, бұл ұйымдар да балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту және еліміздің болашақ чемпиондарын тәрбиелеу бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен бірдей миссия атқарып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 Қаулысында ҚР еңбек заңнамасына қайшы келетін базалық лаузымдық жалақы ұғымы алынып тасталып, жалақыға барлық қосымша ақылар мен үстемақылар жалақының ең төменгі мөлшеріне сәйкес жүргізілсе деген ұсыныстарын айтты.
«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақтар бірлестігі
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 82
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805