Душанбеде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасауы қажет. Мұндай коммуникация тәліптерінің шынайы ниетін бағалауға, сын-қатерге, өңірлік тұрақтылыққа қатысты жалпы пайым жасауға және бұл елмен сауда-экономикалық байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп ойлаймын.Шындығына келсек, бұл кезеңде ресми тану туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Көп жағдай Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің іс жүгіндегі алдағы қадамына, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті шешімдеріне байланысты болатындығын баса айтқым келеді. ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүдделері және бірлескен күш-жігері ұштасып, ұланғайыр өңіріміздің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуындағы өзекті проблемаларды шешудегі әрекеттеріміздің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін», — деді.