ҚҰБЫР ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ҚҰБЫР ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Қордай ауылының Абай көшесінде (Красный партизан) бүгінде қызу жұмыстар қолға алынған. Нысан басына барып, құрылысшылармен сұхбаттасудың сәті түсті. Мердігер «МБН Билдинг» ЖШС өкілі - бригадир Айбек Өксекбаевтың айтуынша, мұнда қазір ауыл көшелеріне ауыз су құбырларын төсеу жұмысы басталған.
Алдымен алып техникамен орны қазылып, одан соң полиэтилен (пластик) құбырлар төселетін болады. Бұл дегеніңіз жұмыстар аяқталған соң мұндағы тұрғындар таза ауыз су желісіне қосылатын болады.
Жұмыстарды жүргізіп жатқан бригада 12 адамнан құралған. Барлығы да Олардың ішінде алып техниканы басқарып жатқандары, құбыр құрастырып жатқан мамандар да бар. Тараз қаласынан келіп жұмыс істеп жатқандар. Облысымыздың бірнеше ауылдарында осындай жұмыстар атқарып келген. Солардың қатарында экскаваторшы Нұрқажы Иманқұлов мұндай жұмыстармен бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқанын айтады. Ал дәнекерлеушілер Нұрдос Әлтаев пен Нұржігіт Серіков құбырларды құрастырумен айналысуда.
«Су – тіршілік көзі десек, барлық тіршілік салалары үшін судың маңыздылығын айтудың өзі артық. Көшеміз ауыз су желісіне қосылмаған. Әр үйде өз бетінше тереңдік сусорғыларын орнатып алып ішіп отырмыз. Енді мынау жұмыстар игілігін береді деп сенеміз», - дейді жергілікті ақсақалдар. Олар тағы көптеген жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселенің қолға алынғанына қуаныштарын жасырмады.
Қордай ауданының әкімдігі
16.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ДИМАШ "ƏНШІ ЕМЕС", ОҒАН АТАҚТЫҢ ДА    КЕРЕГІ  ЖОҚ!
Аймұханбет Бейсембеков - Шəкірім атындағы университетінің профессоры. 18.04.2019 Қарағайлы. - 17.05.2024 2
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 58
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 25
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 15
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1521
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7556
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11433
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7596
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7755