Құлан ауылдық округіндегі кездесу

Құлан ауылдық округіндегі кездесу

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы өткізілген халықпен кездесулердің қорытындысы ретінде Құлан ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. 

Жиында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық жаңғырту жұмыстары кеңінен талқыланды. Биыл Құлан ауылдық округін дамытуға жалпы көлемі 437,5 млн теңге бөлініп, оның есебінен ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар, жоба құны 432,5 млн теңгені құрайтын Арай тұрғын алабында және 471,5 млн теңгеге Шөңгер ауылында ауыз су имараттарының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары кестеге сай жалғасып, жыл соңына дейін толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілуі жоспарланған.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ортаға салды. Олар инфрақұрылымды жетілдіру, арық-атыз жүйесін тазалау, әлеуметтік нысандардың санитарлық тазалығын қадағалау, жер телімдерін мақсатты пайдалану және басқа да күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, бірқатар мәселелердің шешімі нақты шараларды және қосымша қаржыландыруды талап ететінін атап өтті. Мұндай өтініштер бойынша тиісті зерттеу мен талдау жүргізіліп, олардың орындалуы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін бақылауда болатыны жеткізілді.

Кездесу соңында Ернар Есіркепов тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, ауылдық округтің әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ,

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы

 

07.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 853

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19758
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19571
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33275
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37093