Құмай мен қант қызылшасы

Құмай мен қант қызылшасы

Бүгінде Қазақстанда халықты қант, көкөніс, етпен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Ал, облысымызда қант қызылшасы алқаптарының 60 пайыздан астамы шоғырланған, өнімділігі ел бойынша орташа көрсеткіштен 13 пайызға жоғары. Өңіріміз республикада бақша дақылдарының көлемі бойынша Түркістан облысынан кейін екінші орында тұр.

Сондай-ақ, республикадағы ұсақ малдың әрбір алтыншы басы немесе 3,2 миллион ұсақ мал басының 21 пайызға жуығы Жамбыл облысына тиесілі. Яғни, Жамбыл облысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан өңірлері арасында стратегиялық маңызды орын алады.

Біздің академияның тарихы 1932 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ филиалы құрылған кезден басталады. Аграрлық ғылымның ірі ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің бірі Кәрім Мыңбаев – тұңғыш қазақ-биология ғылымдарының докторы. Көптеген жылдар бойы Қазақстанның аграрлық ғылымын белгілі мемлекет қайраткері және ғалым Қилыбай Медеубеков, 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясын белгілі ғалым, академик Ғани Қалиев басқарды. Қазіргі уақытта академия 126 нақты мүше мен 26 корреспондент мүшені біріктіреді, олар еліміздің ҒЗИ мен ЖОО жүйесінде табысты жұмыс істеп жүр.

Академия ғалымдары Жамбыл облысының өңірлік ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға дайын. Біз бұл жерде қант құмайын өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялық жоба туралы айтып отырмыз.

Қант құмайы – ең тиімді, жоғары рентабельді ауылшаруашылық өнімдерінің бірі, оның өзіндік құны төмен және сапасы жоғары, одан 50-ден астам өнім алуға болады. Қант құмайы жердің шөлейттенуіне қарсы тиімді күреске, топырақ құнарлылығын сапалы қалпына келтіруге, аграрлық секторда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Егер құмай мен қант қызылшасын салыстыратын болсақ, онда құмайдың өнімділігі 2,5-5 есе жоғары, 1 гектардан қант шығымы 4-6 есе жоғары, ал құны 2,5-3 есе төмен.

Құмайдан қант сиропын өндіру–біріншіден, дәстүрлі қант импортына тәуелділікті азайтып қана қоймай, Қазақстан мен облыстың ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттырады. Екіншіден, өзіндік құны өте төмен жануарлар мен құстардың барлық түрлері үшін жоғары калориялы жем өндірісін жолға қою, бұл отандық мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға әсер етеді. Үшіншіден, медицина, автомобиль жасау, аэроғарыш өнеркәсібі, электроника, жиһаз, киім және тағы басқа үшін қоршаған ортаға зиянды әсер етпей, қант құмайының биомассасынан биологиялық ыдырайтын пластиктер өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, елде қант құмайын өнеркәсіптік өсіру миллиондаған гектар тұзды және тастанды, талап етілмеген жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайтаруға, он мыңдаған жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың 24 шілдесінде Сауд Арабиясындағы инвестициялық форум аясында «KazBioSorgo» ЖШС мен «Ajlan Bros Holding Group Company» арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум бойынша Қазақстанда қант құмайын өсіру және терең өңдеу бойынша Араб серіктестері бірлескен кәсіпорынның өндірілген өнімінің кемінде 50 пайызын сатып алуды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты біз облыс әкімдігінен жобаның бірінші кезеңін іске асыру үшін 10 мың гектар жер беру мүмкіндігін қарастыруды сұрап отырмыз. Біздің ұсынысымызға қызығушылық танытқандардың барлығын жобаны іске асыруда ынтымақтастыққа шақырамыз.

 

Тілектес ЕСПОЛОВ, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылыми академиясының президенті.
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 379
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646