Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркеновтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысына Жамбыл облысы әкімдігінің терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Саданов Бақытжан Жаматұлы, аудандық прокуратура өкілі, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме және кәсіпорын басшылары және комиссия мүшелері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде:
1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы,
2. Сотталған және түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтармен атқарылатын пробация жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сарысу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Асылан Жақыпбеков, Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің директоры Мадина Пірімбек хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Сарысу аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспекторы Орақов Әльфараби баяндады.
Хабарламашыларға сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.
Комиссия отырысының хаттамасы бекітілді.
Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдіктер жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиялардың қызметін талдау және бағалау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Саданов Бақытжан Жаматұлы өз ойын ортаға салып, талқыланып отырған мәселенің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жауапты тұлғалар тарапынан тұрақты бақылауда болу керектігін айтты.
Жиынды төрағалық етуші Жанғозы Өмірғалиұлы қорытындылады.