Құрметке қайсысы лайық: БАЛА ма, ИТ пе

Құрметке  қайсысы лайық: БАЛА ма, ИТ пе

Он сегіз мың ғаламда ең сыйлы, ең қадірлі адам кім? Мұхаммед пайғамбарымыз ең алдымен жақсылықты жаса деген аса абзал адамы кім? Ол, әрине, Ана. Әлем аналардың ақ сүтінен жаралған деп те бекерге айтылмаған болар. Қай ел, қай мемлекетте болсын Ананы құрметтейді. Тоғыз ай, тоғыз күн көтерген қиындығын айтпағанның өзінде нәрестесін түн ұйқысын төрт бөліп өбектейтін Ананың махаббатына жететін махаббат бар ма екен?! 

 

Анаға ерекше қамқорлық жасап, аялайтын басты себептеріміздің бірі – оның қолында болашақ ұрпақ тәрбиесі тұр. Отбасымыздың да, еліміздің де, мемлекетіміздің де болашағы, тағдыры осы Ана тәрбиесінің тезінен өткен ұрпаққа байланысты. Сол үшін біз әрбір отбасымызда қыздарымызды ана бола білуге тәрбиелеуіміз қажет. Бізде қалай болғанда да осы бір тұста кемшіліктеріміз көп. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп босқа айтылмаған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, отбасыда көрген тәрбие, үйренгенің, ойға тоқығаның ертең үй болып, отау тіккеніңде сынға түседі. Ана қызын отбасы болудың барлық нәрселеріне үйретпесе, ертең үй болғанда сыр береді. Біздің елімізде шаңырақ көтерген әрбір үш отбасының біреуі ажырасып кетеді екен.

Неге? Біз осы сұрақтың өмірде дұрыс жауаптарын бермей келеміз. Әрине, мұның басты себебі, жоғарыда айтқанымыздай, отбасы болуға дұрыс дайындамағанымыздан. Бұл тәрбие беру жан-жақты болуы тиіс. Мұның қарапайым бір себебі қызымыздың тамақ істей алмағандығынан болады. Келіннің енесімен дұрыс қатынаста бола алмауы да бір себеп. Содан кейінгі ең назар аударатын мәселе – жоқшылық, жетіспеушілік. Қысқасы, қалыңдық та, жас отағасы да отбасы болуға жан-жақты дайын еместіктен қиындықтарға шыдамай ажырасып тынады. 

Сөзіміздің басында Анаға ерекше қамқорлық, жақсылық жасау жөнінде айттық.  Анаға қамқорлық жасау – балаға қамқорлық жасау. Балаға қамқорлық жасау – еліміздің келешегіне қамқорлық жасау. Жақында 11 баласы бар ананың ашынған үнін естідім. Ол мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа көңілі толмайтынын ашына жеткізді. Сөзін нақты қарапайым деректермен өрнектеді. Мысалға біз мемлекет тарапынан итке айына 6500 теңге, ал балаға 4600 теңге бөледі екенбіз. Сонда оның ойынша біздің елімізде баладан гөрі ит қадірлірек болып тұр. Бұған қосылмасқа шараң жоқ. Әлгі ана балаға бөлінетін бұл ақшаны 11 баласының санына көбейтті. Соның өзінде де бір итке бөлінген ақшаға жетпейді. Бұл масқара емес пе?! 

Шынында да бұны біз неге ескермедік? Балаларға деген көмек ақшаны неге көбейтпей отырмыз? Біздің тағы бір кемшілігіміз – көпбалалы отбасылардың баспана мәселесінің қиындығы. Мысалға, қазір 113 мың көпбалалы отбасы кезекте тұр. Біздіңше, мұндай отбасыларға ерекше қамқорлық жасап, кезексіз үй берілуі тиіс. Иә, мемлекетіміз, Үкіметіміз осындай мәселелерді қайта қарап, ана мен балаға қамқорлықты күшейту керек деп ойлаймыз. Ол біздің болашағымыз ғой, ағайын!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

23.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 27
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 32
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 105
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 30
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 38
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 78

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13996
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12816
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16072
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14976
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20027