ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР БЕС АЗАМАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР БЕС АЗАМАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

 

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVI сессиясы аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өтті.  Сессияға аудандық  мәслихаттың 17 депутатының 15-і, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда «2022-2024 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №21-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша депутаттар А. Жантаев, А. Айтбеков, Б. Ақбаев, Ш. Байтақова, Г. Ермекова, Г.Ешеевалар өздерінің Суханбаев атындағы мектеп қазандығын газға қосу, мектеп ауласын дұрыстап қоршау, аудан орталығындағы 4 мектеп қазандығының жайы, ауыл мектептеріндегі спорт залдарын спорттық жарыстарға пайдалану, бос уақыттарында ауыл азаматтарының спортпен айналысуларына жағдай жасау, Талас ауылы жастарына спортпен айналысуға мүмкіндік туғызу, тағы да басқа мәселелер туралы өз пікірлерін білдірді.

 

Айтылған мәселелерді мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы айтылған ұсыныс – пікірлерге байланысты жұмыстар жасалатынын жеткізді.
«Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің орынбасары Д.Дәулетов хабарлама жасады.
Депутаттардың қолдауымен Байзақ ауданы полиция бөлімі ардагерлер ұйымының төрағасы, еңбек ардагері Джуанышев Фермебай Байсерікұлы, зейнеткер, еңбек ардагерлері Ахметов Болат Мұқашұлы, Әмірбек Бозғұлов, «Әулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жүнісова Фарида Амансарықызы, Мырзатай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Әлімбаев Амангелділер «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атанды. Осылайша ауданның Құрметті азаматтары қатары тағы бес азаматпен толықты.

Сүндетулла Абылашұлы. Байзақ ауданы
06.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779