Құрт ауруын құртамыз десек…

Құрт ауруын құртамыз десек…

Туберкулез – әлемдегі ең жұқпалы әрі қауіпті аурулардың бірі. Бұл кеселді жұқтырған адамдардың өмірі түбегейлі өзгереді. Өйткені науқастар тек физикалық ауырсынумен ғана емес, емдеу ұзақ уақытқа созылатындықтан, күйзеліспен де күреседі. Тіпті ондай адамдар қоғам тарапынан түрлі қысымға да ұшырайды.  Құрт ауруының белгілері: салмақ тастау, тершеңдік, кеуде қуысындағы ауыру сезімі, қан түкіру, жалпы әлсіздік және тез шаршау, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі. Демек, аталған белгілер байқалған жағдайда дереу жақын маңдағы емханаға немесе аурухана дәрігерлеріне қаралып, қақырық анализін, ауру таяқшаларын анықтау сараптамаларын жүргізу және өкпесіне рентген жасау қажет. Қажетті фтизиатр мамандардың кеңесін алып, диагноз дәлелденсе, қажетті схемалар бойынша емделіп, ал туберкулезге күмән болса, диспансерлік «О» топта қаралып, тексерілуден кейін ол адамға қажетті қорытынды берілуге тиіс.
Елімізде аталған дертпен күресте оң динамика сақталуда. Соның арқасында сыр- қаттанушылық деңгейі жыл сайын жоспарлы түрде 8-10 пайызға төмендеп келеді. Алайда жаһанды жайлаған коронавирустық пандемия туберкулездің эпидемиологиялық жағдайына да өз кесірін тигізді. Осының салдарынан елімізде аталған дертті анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру қиынға соқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да бұл мәселеге назар аударып, кеселмен күресті күшейту керектігін баса айтқан еді. Мәселен, 2021 жылы әлем бойынша туберкулез жұқтырған азаматтардың саны артып, сырқаттанушылықтың өсуіне әсер етті.
Жалпы бұл дертпен күрестегі басты мәселе – стигма. Яғни жоғарыда айтқанымдай, ауруды жұқтырған әрбір пациент қоғамдық қысымға ұшырап, кемсітушілікке тап болады. Бұл негізсіз қорқыныш пен халық арасында ақпараттың жеткіліксіздігінен туындайды. Ал осының барлығы стигмаға әкеліп соғады. Мысалы, көпшілігі туберкулезбен есірткіге әуес, маскүнем немесе үйі жоқ қаңғыбас адамдар ғана ауырады деп ойлайды. Бұл – өте қате түсінік. Сондықтан әрбір саналы адам құрт ауруының ешқандай әлеуметтік мәртебеге қарамастан, ауа арқылы жұғатынын жете түсінуі қажет. Әсіресе күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, созылмалы аурулар, алкоголь, темекі шегу, ағзаның қорғаныс күшін әлсіретіп, иммунитетті төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде қауіпті вирустардың ағзаға енуін жеделдетеді. Туберкулезден емдеу курсы жеңіл жағдайларда бірнеше айға, ал ауыр және өте асқынған кезде бірнеше жылға созылады. Демек, кеселден толықтай сауығу үшін шыдамдылық пен төзім қажет.
Науқастардың басым бөлігі бұл кеселмен ауыратынын достарынан, әріптестерінен, яғни тұтастай өз ортасынан жасырады. Себебі жоғарыда айтылған қоғамдық кемсітушіліктен қорқады. Алайда дерттен айығу үшін жақын адамдарынын қолдауы аса қажет. Бұл науқастарға өз бойларындағы қорқыныштарын жеңуге күш береді. Сондай-ақ сырқат адам әрқашан дәрiгердiң барлық ұсынысын бұлжытпай орындап, емделгенi жөн. Дер кезiнде байқалса, туберкулезден тез айығып кетуге болады. Дәрі-дәрмектерді өз уақытында қабылдаған науқастардың құлан таза сауығып кету мүмкіндігі зор. Ең бастысы,туберкулез жазылатын ауру екенін естен шығармайық.

Дабыл Шымыров, фтизиопульмонология орталығының директоры Тараз қаласы
03.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363