Құрылыс жұмыстарының сапасын зерделеді

Құрылыс жұмыстарының сапасын зерделеді
Аудан басшысы Сәкен Мамытов Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын зерделеді.
Биыл екі үйде құрылыс жұмыстары жүруде, аймақ басшысы құрылыс алаңына кіріп, терезе мен есіктен бастап толық қарады.
Кәсіпкерлерге үйді жылдам бітіруді емес, сапасына назар аударуына, ондай болмаған жағдайда мемлекет меншігіне алынбайтынын ескертті. Осы салаға жауап беретін орынбасар Қайрат Серимовке бірқатар тапсырмалар берді.
Қос құрылыстың басындағы шашылған қоқыс пен құрылыс қалдықтарын реттеуді тапсырды. Мердігерге ең бірінші жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.
✅ Дерек үшін:
Жаңатас қаласында 97 көпқабатты тұрғын үй (6425 пәтер) бар, оның ішінде 1 тұрғын үй «Еврохим» ЖШС-нің теңгерімінде, 19-ы коммуналдық меншікте. Кондоминиум обьектілері ретінде 76 тұрғын үй тіркелген.
Бүгінгі таңда Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1638 азамат есепте тұр.
Сарысу ауданы әкімдігі
23.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 690
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 854

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19616
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19427
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34552
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33118
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36936