Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында сағат 14.51-де Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының телефон нөміріне Тараз қаласы тұрғындарынан көмек көрсету туралы өтінішпен хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары шұғыл жөнелтілді. Құтқарушылар келгеннен кейін тұрғын үйлердің жанында орналасқан су арнасына мұз қатуы нәтижесінде мұз кептелісі орын алып, соның салдарынан су деңгейінің көтерілу жағдайы орын алып, тұрғын үйлердің аула аумақтарына су жайылғаны анықталды. Құтқарушылар бірден іске кірісті. Сүңгуір жабдықтары мен апаттық-құтқару құралдарын пайдалана отырып, олар су арнасындағы мұз кептелістерін бұзды. Су деңгейі 5-10 см жеткен болатын, ал 16 сағат 30 минутта судың деңгейі айтарлықтай төмендеді. Су арнасын мұз кептелісінен тазарту жұмыстарына ТЖД күштері, яғни 12 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 30 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Құрметті облыс және қала тұрғындары! Барынша қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Балалар мен қарттарды мүмкіндігінше үйде қараусыз қалдырмай, электр және газ құрылғыларын қуат көздерінен ажыратуды естен шығармаңыздар. Сондай-ақ, қолайсыз ауа-райында елді мекеннен шалғай жерлерге жолға шығудың артық екенін ұмытпауларыңызды сұраймыз. Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда "101" және "112"нөмірлеріне шұғыл хабарлау қажет.