Қыдыралыұлы аудан, облыс атын асқақтаған ұландарға құрмет көрсетті

Қыдыралыұлы аудан, облыс атын асқақтаған ұландарға құрмет көрсетті

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі.

Бүгін Аса ауылы М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде “Жас дарындар” форумы өтті.
Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында ауданымыздың жетістіктерін қорытындылайтын форумға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов қатысты.

Форумның ашылуында сөз алған өңір басшысы:
– Құрметті жігері жалынды, білімі бәсекеге қабілетті жас дарындар. Бүгін біз сіздермен ауданымыздың төрінде «Балалар жылына» орай бас қосып отырмыз. Өздеріңіздей ақылды, дарынды жастар көп болса, еліміз алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан көрінері сөзсіз.


«Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан!» деген мақсатпен, ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата заңымызға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізілмек. Бұл референдумда халық өзінің салмақты сөзін, салиқалы пікірін білдіреді деп сенеміз! Жалпы, ел болашағы жастардың қолында болғандықтан, Сіздерге барлық жағдайлар жасалған.
Сіздер білімді, тәрбиелі және мәдениетті болуларыңызбен ғана егемен еліміздің абыройын асқақтата аласыздар.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау іс-шаралары, білім бәйгелері мен өнер байқаулары сіздер сынды балалардың болашағына үлкен жол ашып отыр. Ауданымыздың атын биік мінберлерде шығарып, абыройын асқақтатып жүрген сіздерге алғыс айтамын. Әр уақытта дендеріңіз сау болып, осындай талпыныспен ұлтымыздың, мемлекетіміздің нұрлы болашағы жолында аянбай еңбек ете беріңіздер. Ақыл да, терең білім де, небір жақсы идея да сіздерде. Сіздер үлкен белестерді бағындырады деп сенеміз.
Лайым жолдарыңыз ақ, мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын,- деген Ерлан Қыдыралыұлы «Алтын белгі» төсбелгісіне, Үздік аттестатқа үміткер, Елбасы медальінің иегерлері, пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жеңімпаздары, жас спортшылар мен жас ақындар, көркем сөз жеңімпаздары, өнер жұлдыздарынан құралған бірқатар жастарға Алғыс хатын табыс етіп, сый-сияпат ұсынды.
Сондай-ақ аудан, облыс атын асқақтатып жүрген оқушыларға сөз кезегі беріліп, мұнан соң форум концерттік бағдарламаға ұласты.

19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 828
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6902
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10738
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6971
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7111