Қырғыз-әзербайжан қатынасы нығайып келеді

Қырғыз-әзербайжан қатынасы нығайып келеді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 24 сәуір күні Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің арнайы шақыруымен екі күндік ресми сапармен Бакуге барды. Бұған дейін Қырғыз елінің басшысы Қазақстанға сапарлай келіп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойып қайтқан еді.

«Кезекті сапар аясында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетика, көлік, ауылшаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды тереңдету мәселелері талқыланды», – деп хабарлады қырғыз БАҚ-тары. 

Кездесу барысында мемлекеттер арасында екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара қарым-қатынастары толығымен тең екені атап өтілді. Президент Садыр Жапаровтың Әзербайжанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Маңызды кездесу кезінде сөз сөйлеген Садыр Жапаров ең әуелі Илхам Әлиевтің қонақжайлылығына айрықша алғыс айтты.

«Бүгін Мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы аясында біз Әзербайжан Республикасының Құрметті Президентімен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша мазмұнды келіссөздер жүргізіп, екі елдің кейбір министрліктері басшыларының баяндамаларын тыңдадық. Кездесу нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған шешімдер қабылданды.

Кездесудің нәтижесінде Қырғыз Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында тереңдетілген стратегиялық серіктестік орнату туралы Бірлескен декларацияға қол қойылды.

Біз Әзербайжан-Қырғыз даму қорының болашағын талқыладық. Әзербайжан жағы Ыстықкөл жағасында бес жұлдызды қонақүй құрылысына қатысады. Ал қырғыз тарапы Агдам ауданында жаңа мектеп салатын болды. Мектеп салу Қырғызстанның қақтығыстардан зардап шеккен аудандарда бейбітшілікті қалпына келтіруге қосқан үлесі болмақ. Сонымен қатар, Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Қырғыз-Әзербайжан бірлескен Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын өткізуге келістік.

Комиссияның жұмысы елдеріміз арасындағы тауар айналымын арттыруға бағытталған мәселелерді талқылау және ілгерілету үшін тиімді алаң болып табылады. Келіссөздер барысында Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Бүгін біз әртүрлі бағыттар бойынша одан әрі тығыз жұмыс жасауға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойдық.

Қол қойылған құжаттардың ішінде орта мерзімді болашақта екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі жол картасы ретінде пайдаланылатын Қырғыз Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бес жылдық кешенді бағдарламасын ерекше атап өтуге болады.

Сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасында қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қойылғанын атап өткім келеді, бұл екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара экономикалық қызметі үшін маңызды», – деді Садыр Жапаров.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
30.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 611

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8748
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362