Ауданда мал қыстату науқанын шығынсыз өткізу мақсатында аудандық штаб құрылған. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жоспар бекітіліп, жұмыс жасауда.
Аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биылғы мал қыстату науқаны қалыпты жағдайда өтуде.
Ауданда елді мекендерден тысқары орналасқан 171 мал қыстаулары бар. Қыстаулардың басында 100 мыңға жуық мал қыстауда. Оның ішінде, 7970 бас мүйізді ірі қара, 4493 бас жылқы, 85160 бас уақ мал және 1676 бас түйе малы бар.
Қазіргі таңда қыстаулардың басында 650 тоннаға жуық жем (арпа, бидай, жүгері) және 10700 тонна жуық шөп қоры бар.
Қыстаулардың 130-ы құдықпен қамтылған, 18 қыстау табиғи артезиан суын пайдаланады және 12 қыстау бұлақ басында орналасқан. Жайылымдық алқаптарға инфрақұрылым тарту жобасы аясында 2023 жылы ауданда 36 су ұңғымасы қазылған.
Мал қыстауларының 126-ы телефон желісі және ұялы байланыспен қамтылған. Байланысы жоқ 34 мал қыстауларының жағдайын ауылдық округ әкімдері тұрақты бақылауда ұстап отыр. Бұдан бөлек, 30
мал қыстауы орталықтандырылған электр жүйесіне қосылған. Ал қалған 130 мал қыстауларында күн панельі, бензинді генератор және аккумуляторлар қолданылады.
Аудан бойынша қысқы науқанға дайындық барысында жалпы, 127,0 мың тонна шөп жиналды. Бұдан бөлек, былтырғы жалдан қалған 12,0 мың тонна шөп қоры бар және қосымша 27,0 мың тонна бидай, арпа, мақсары сабандары жиналды.
Бүгінде 110,0 мың тоннаға жуық мал азығы қоры бар.