Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында 6 қазанда өткен Республикалық референдумды өз дәрәжесінде өткізіп, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Оған облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Мейіржан Сембеков, аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Ошанов қатысты.
Жиында Мейіржан Ермекбайұлы сөз алып, Азамат Ошановтың Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 9 айлық есебін тыңдады.
-Сайлау науқандары кезеңдерінде округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен 8 оқыту семинары өткізілді. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Шу ауданында сайлауды өткізуде тәжірибесі жоқ 93 комиссия мүшесіне оқыту-семинары өткізіліп, тиісті сертификатталды,дейді Азамат Серікұлы өзінің баяндамасында.
Одан соң маңызды науқанды мінсіз
өткізген учаскелік комиссия мен мүшелеріне алғысын білдірді. Бұдан кейін кезек марапаттауға беріліп бірқатар азаматтар Алғыс хаттарға ие болды.
Атап айтқанда референдумды ұйымдастыру және өткізу кезеңінде жоғары белсенділік танытқан Ахат Шошимов пен Валентина Коротуненко орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіровтың Алғыс хатын алды.
Тағы бір шулықтардың шоғыры Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев пен облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың Алғыс хатына ие болды. Сонымен бірқатар жерлестер аудан әкімінің марапатына ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша ұзын-саны 55 адамның еңбегі еленген.