САЙРАМДА ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

САЙРАМДА ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ
Сайрам ауданында аудан, ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулері тұрақты түрде жалғасын тауып, көтерілген мәселелердің түйіні тарқатылып келеді. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің Қарабұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде Қарабұлақ ауылы, Жаңақұрылыс аумақтарындағы бірқатар көшеге трансформатор орнату мәселесі көтерілген болатын. Қазіргі таңда өтініштер назардан тыс қалмай, бекітілген жоспарға сәйкес, ауылдық округ аумағындағы 19 көшенің трансформаторларын жаңарту қолға алынуда.
Атап айтқанда, Қарабұлақ ауылының Ибн Сина, Т.Садуллаев, Ғ.Ғұлам, А.Ахун, Жаңаабад, М.Әуезов және Т.Рүстемов көшелеріне 250 кВА қуатты жаңа трансформаторлар қойылуда.
Айта кетейік, аталмыш көшелердегі жарықтың өшуінің алдын алу аясындағы бұл жұмыстарды жергілікті бюджет есебінен «Ерасыл -Құрылыс - 2013» мердігер мекемесі жүргізіп жатыр.
Ауыл тұрғындарын толғандырған Х.Алибжан, Қарауылтөбе, Қайтпас, Науаи, Далабазар, Мукуми, Хамза, Ахунбабаев, Шымкент қақпа, Ю.Халтаев, Элтай баба және А.Абдулла көшелеріндегі трансформатор орнату мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып, бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 107

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313