САЙРАМДА ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

САЙРАМДА ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ҰЛЫҚТАЛҒАН КЕШ ӨТТІ
Сайрамда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай даналығы» атты іс-шарасы өтті. Игі шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов алғаш сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.
Кемел ұрпақ үшін үлгі-өнегелік, мазмұны мен мәні бөлек мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әйгілі ақынның әндерін жырлап, өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Кеш барысында көрермен назарына «Бала Абай», «Дара Абай» және «Дана Абай» атты сахналық көріністер ұсынылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4180
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4358
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17965
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21411