Саладағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

Саладағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері мен персоналды басқару қызметтерінің басшыларымен «Адам ресурстарын дамыту орталығының» жұмыс кеңесі өтті.

 

Іс-шараны департамент басшысының міндетін атқарушы Руслан Шарипов ашып, орталықтың қызметі мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жаңашылдықтарын, оның ішінде ауқымды түсіндіруді талап ететін сұрақтарға жауаптар ұсыну, мемлекеттік қызметке іріктеу, өткеру, тоқтату және тәртіптік практика бағыттарын одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өтті.

 

Іс-шара барысында департамент мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Гүлназ Смағұлова «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтар, өзгерістер мен толықтарулар туралы баяндады.

 

Сонымен қатар, департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуат Мәдиев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын кеңінен түсіндірді.

 

Одан әрі облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдеп нормаларын, мінез-құлық қағидаларын сақтау және қызмет әдебінің стандарттары жайлы айтты.

 

Жиынға қатысушылар жоғарыда аталған баяндамаларды кеңінен талқылап, қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту мен жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілді.

 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйек айынан бастап жоспарланып отырған «Президенттік жастар кадр резерві» жобасының кезекті үшінші іріктеу жұмыстарын, оның ішінде, ақпараттық-түсіндірмелік шараларын бірлесе іске асыру мәселесі пысықталды.

«Aq jol»-Aqparat.
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9392
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10619