Салауаттылықты қолдайтын ұжым

Салауаттылықты қолдайтын ұжым

Оралдағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлері арасында волейболдан ашық турнир өткізілді.

Филиалдың баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш мекемеде түрлі спорттық шараларды өткізіп тұру әдетке айналып келеді. Батыс Қазақстан облысы бойынша ұжымда барлығы 668 қызметкер жұмыс жасайды. Мемлекеттік корпорация арқылы 662 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Осындай ауқымды жұмысты атқарып, оған қоса халықпен жұмыс жасау психологиялық дайындық, стресске төзімділікпен қатар физикалық тұрғыдан деннің сау болуын қажет етеді.

Жарыс нәтижесінде 1-орынды «Бірлік», 2-орынды «Абырой», 3-орынды «Sana07» командалары жеңіп алды. Ал үздік ойын шеберлігін көрсеткен Азамат Қойшекенов – «Үздік ойыншы», Данагүл Хамитова мен Эльмира Жоламанова – «Үздік қорғаушы»,

Асқар Талғат пен Жұмажан Жұбанышқалиев – «Үздік шабуылшы», Жандарбек Ерешов пен Үміт Сағынғалиева – «Үздік байланыстырушы» номинацияларына ие болды.

– «Дені саудың – жаны сау» демекші, әр жердегі ғимаратта отырса да, жұмысы ортақ әріптестеріміздің басын қосу арқылы өзара ынтымақтастық деңгейін көтеруге осындай іс-шаралар үлкен септігін тигізетінін түсінеміз. Сондықтан да, спорттық болсын, басқа болсын ұжымдық басқосуларды көбірек ұйымдастыру жоспарда бар, – дейді филиал директоры Нәдір Құрымбаев.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5612
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5759
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20726
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19355
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22822