Баку климаттық іс-қимыл апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Түркі өркениетіндегі мәдени мұра мен биоалуантүрлілікті сақтау: ортақ дәстүрлерден бірлескен іс-қимылға» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Баку климаттық іс-қимыл апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Түркі өркениетіндегі мәдени мұра мен биоалуантүрлілікті сақтау: ортақ дәстүрлерден бірлескен іс-қимылға» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2026 жылғы 10 қыркүйекте Баку климаттық іс-қимыл апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бастамасымен «Түркі өркениетіндегі мәдени мұра мен биоалуантүрлілікті сақтау: ортақ дәстүрлерден бірлескен іс-қимылға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлованың кіріспе сөзімен ашылды. Ол сондай-ақ дөңгелек үстелге модераторлық етті. Қор президенті іс-шараны өткізуге қажетті жағдай жасап, қолдау көрсеткен барлық серіктестерге ризашылығын білдірді.

Дөңгелек үстелдің ресми спикерлері ретінде Әзербайжан Республикасы Президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі әрі COP29 президенті Мұхтар Бабаев, COP29 жоғары деңгейдегі климат чемпионы, Милли Меджлис депутаты Нигяр Арпадараи, Милли Меджлистің Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Хиджран Гусейнова, Милли Меджлис депутаты Фариз Исмаилзаде, Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік қызметтің басшысы Сабина Гаджиева, «Ичеришехер» мемлекеттік тарихи-сәулет қорығы басқармасының Басқарма мүшесі Айтадж Алисұлтанлы, Қазақстанның «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов, «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Қамбар Омаров, Ақдениз университетінің мәдени мұраны реставрациялау және қорғау департаментінің басшысы, Дүниежүзілік суасты қызметі конфедерациясы Ғылыми комитетінің директоры, доктор Хакан Өниз, сондай-ақ ICOMOS-тың Түркия ұлттық комитетінің және ICOMOS-тың Суасты мәдени мұрасы жөніндегі халықаралық комитетінің мүшесі Джейда Өзтосун сөз сөйледі.

Баяндамалар барысында климаттың өзгеруінің мәдени мұраға әсері, мәдени және табиғи мұраның өзара байланысы, биоалуантүрлілікті сақтау, дәстүрлі білім мен тәжірибелерді қолдау және кейінгі ұрпаққа жеткізу, мәдени мұраның климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттыру, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар мен түрлі елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қозғалды. Ортақ түркі мұрасын сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған бірлескен жобалар мен практикалық іс-қимылдарды кеңейтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (Омбудсмен) Сабина Алиева, Түркия Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бирол Акгүн, Мексика Құрама Штаттарының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мария Виктория Ромеро Кабальеро, Әзербайжанда аккредиттелген дипломатиялық корпус, ТҮРКПА, ICESCO және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында өткен пікірталастар мәдени мұра мен биоалуантүрлілікті сақтаудың ортақ тәсілдерін қалыптастыру, жинақталған тәжірибемен алмасу және түркі әлемі елдері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау мәселелері бойынша пікір алмасуға арналған маңызды алаң қалыптастырды.

Іс-шара пікірталастармен жалғасты.

12.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27607
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44458
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40192
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44799