САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР САЛТАНАТ ҚҰРҒАН КҮН

САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР САЛТАНАТ ҚҰРҒАН КҮН
Бүгін ауданда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін атап өтуге арналған мерекелік шара өтті.
Шара барысында ұлтымыздың салт- дәстүрлері салтанат құрды.
Жаңатас қаласы және ауылдық округтер мен мекемелердің салт-дәстүрлерден дайындаған көріністерінен байқау ұйымдастырылды.
" Бастаңғы", "Ұрын келу", "Сыңсу", "Құрсақ шашу", "Ат қою", "Бесік салу", "Тұсау кесу", "Тұлым кесу", "Тулақ шашу", "Қазан шегелеу" сияқты салт-дәстүрлерден өткен байқауда әділқазылар алқасының шешімімен Түркістан ауылдық округі І орынды, Досбол, Тоғызкент округтері ІІ орынды, Жайылма ауылдық округі жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтарды аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков және әділқазылар алқасының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Серік Аппазов табыс етті.
Айта кету керек, байқауға Сарысу ауданының Құрметті азаматтары Тыныштық Бектөреева, Серік Аппазов, Сахарай Қырғызбаев, кітапхана саласының ардагері Светлана Қожаназарова, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова әділқазылық жасады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
21.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 25
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 31
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 25

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1185
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7232
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11096
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7296
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7440