Шәмші Қалдаяқовтың есімі өзі тұрған ауылдағы Мәдениет үйіне берілді

Шәмші Қалдаяқовтың есімі өзі тұрған ауылдағы Мәдениет үйіне берілді

Бұл қуанышты жаңалық туралы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

 

“Бүгін Үкімет қаулысымен Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйіне осы ауылда 18 жылдай тұрған композитор, вальс королі, елдің сүйікті сазгері Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.


Шәмші ағаның әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан тау суындай мұнтаздай сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленетінін қазақ жұрты жақсы біледі. Аудан жұртшылығының, мәдениет қайреткерлерінің көптен күткен тілегі қабыл болды.
Құтты болсын!” делінген аудан басшысының жазбасында.

Расымен өнер майталмандары осы сәтті көп күткен еді. Әсіресе, жалпақтөбелік ағайынның қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
12.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 178
Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 241
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 172

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26829
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26261
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43650
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39430
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44043