ШАРДАРАДА ЖАҒАЖАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

ШАРДАРАДА ЖАҒАЖАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы күні мерекесіне орай, аудан туризмін дамыту мақсатында Шардара ауданы әкімінің кубогына арналған жағажай спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, қатысушылар балық аулау, волейбол, футбол, қол күрес, гір көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен сайысқа түсті. Сондай-ақ, жастар мен еріктілер су қойма жағалауына «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық шарасын жүргізді.
Спорттық шараның ашылуына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Б.Шомпиев қатысып, баршаны айтулы мерекемен құттықтап, аудандағы жан-жақты жетістіктерге тоқталып өтті.
Сайыс барысында командалар тартысты әрі қызықты ойын көрсетіп, белсенділік танытты.
Жарыс соңында жеңімпаз болған қатысушыларға арнайы мадақтама қағазы беріліп, сый-сияпаттар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 490
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 582
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 589
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 582
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 587
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 363

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11672
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10603
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13835
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12794
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17798