Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр

Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр

  Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасы мәселесін көтеріп, өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдарды азайтуды тапсырды. Кеңесте бұл мәселе бойынша Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Президент елде өндіріс бар болғанымен, оны ұйымдастыру, алынған өнімді сақтау және өткізу жүйесі дұрыс жолға қойылмағанын атады. Оның дәлелі ретінде биыл азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден алшақтап кеткенін атады. «Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс», – деген мемлекет басшысы бағаны реттеу шаралары ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдарға кесірін тигізбеуі керектігін ескертті. «Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде. Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – «егіс басынан сөреге» дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою. Халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ермек Сахариев
27.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852