ШАРУАЛАР ШИРАҚТЫҚ ТАНЫТУДА

ШАРУАЛАР ШИРАҚТЫҚ ТАНЫТУДА

Көктем шыға салысымен қыр төсінде қарбалас басталып, шаруа қамын ойлаған диқандар егіс жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті. 

 

Осыған байланысты, ауылдағы ағайынның науқандық жұмысын көзбен көріп қайттым.

Мәселен, Жаңақоғам ауылдық округіндегі “Мұрат” шаруа қожалығы наурыздың алғашқы күнінен-ақ жоңышқа егу жұмыстарын бастаған.

Мал азығын дайындауға ерте бастан қамданған шаруалар ағын су мәселесі түбегейлі шешілсе деген ниеттерін жеткізді.

 

Қазіргі таңда мұнда бірнеше механизатор мен ауылшаруашылығы техникалары еңбек көркін қыздыра түсуде. Шаруашылық жетекшісі Самат Мырзағалиев округтегі “Омар Шу” кооперативі мен жерге қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті. Бұл бойынша тиісті бөлім басшысы мен ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктелді.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5333
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5490
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20457
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19089
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22550