Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында коммуналдық салаға тиісті қолдау күшейтілді. Осыған орай Сарыағаш ауданына қажетті жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету саласында маңызды өзгерістер болды. Жаңа техникаларды аудан әкімі Арман Абдуллаев табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен аудан тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтардың маңыздылығына тоқталды.
– Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Бүгінде алынған техникалар тұжырымдама аясында аудан тазалығын жақсарту инфрақұрылым бағытындағы жұмыстарды атқаруда септігін тигізері сөзсіз, – деді Арман Абдуллаев.
«Таза қала» коммуналдық кәсіпорнының балансына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тракторлар, қоқыс тасығыш сияқты жаңа үлгідегі техникалар, автомұнара (автовышка), тиегіш экскаватор алынды. Бұл техникалар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға және аудан инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді.