САРЫАҒАШТА МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

САРЫАҒАШТА МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңа жыл қарсаңында Сарыағаш ауданына қарасты Жылға елді мекенінде ауыз су қоймасының құрылысы аяқталып, тұрғын үйлер ауыз сумен қамтылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, бүгін ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Барша тұрғынды жылдап күткен таза ауыз судың әрбір тұрғынның ауласына жеткізілгендігімен құттықтаймын, – деді Арман Абдуллаев.
Жобаға сәйкес 104,1 шақырым ұзындықта су құбыры жүргізіліп, 1000-ға жуық тұрғын үй ауыз сумен қамтылды. Құрылыс нысанында 700 метр су ұңғымасы қазылып, 1-ші көтеру, 2-ші көтеру сорғы станциясының ғимараты салынып, ауыз су құбырлары және сыртқы қоршау жұмыстары жүргізілген.
Аудан әкімі жауапты мамандарға жаңа нысанды күтіп ұстап, ауылды сумен үзіліссіз қамтамасыз етуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 390
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 388
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 404

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13476
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27246
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30753