Бүгін аудандық мәдениет үйінде Сарысу ауданының тумасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық әртісі» Дулыға Ақмолданың жеке тектік құжаттарын қабылдауына орай «Кино және театр арланы» атты кеш өткізілді.
Шараға аудан әкімі С.Мамытов, Жамбыл облысының әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқарма басшысы Р.Нокрабеков, ауданның зиялы қауым өкілдері, Жамбыл облыстық, Тараз қалалық және аудандық архивтерінің басшылары мен жастар өкілдері қатысты.
Алдымен фойеде балалар өнер мектебінің квартеті музыкалық әуендерді ойнатып, келушілерге көңіл күй сыйлады. Кешті ашып берген аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ауданымыздың мақтан тұтар тұлғасы Дулыға Ақмолданың актерлік шеберлігі бүгінгі жастарға үлгі екенін айтып, шығармашылығына сәттілік тілеп, "Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісін тақты. Мұнан келген қонақтар да ізгі тілегін жолдап, жылы лебіздерін арнап, сый - сияпаттар табыстады.
Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері Раушан Қадірбекова «Ел аман болсын», Ахат Кенжебаев «Сары бидай», Мейіржан Омар «Елге сапар» және Сарысу триосы «Қазақстаным» әндерін шырқап көпшіліктің ықыласына бөленді.
Өз кезегінде Дулыға Ақмолда ерекше құрмет көрсеткені үшін аудан басшылығына ризашылығын жеткізді.