САРЫСУДА АУЫЛДАРДЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 72 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

САРЫСУДА АУЫЛДАРДЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 72 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ
 0
Сарысу ауданында жалпы 525,47 шақырым автожол бар. Биыл 676,4 млн теңгеге автокөлік жолдарының 40,9 шақырымы жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, келесі жылғы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасына 7 көше еніп, оған 239,0 млн теңгеге өтінім берілді. Аймақта 224 көше бар, оның асфальтталғаны – 159, жарықтандарылғаны – 156.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев мәлімдеді. Спикер аудандағы 25 елді мекеннің 19-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгенін айтты. Қалған 6 елді мекенді сумен қамту кезең-кезенімен жүзеге асады.
©️©️©️
«Ең бір маңызды мәселе — газдандыру. Бүгінгі таңда 25 ауылдың 4-еуі табиғи газбен қамтылған. 2 нысанның құрылысы жүргізілуде: біріншісі, Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы. Екіншісі, 14 елді мекенге газ құбырларын салу мен газдандыру жұмыстары. Бұл жобалар аяқталған соң газбен қамтылу үлесі 72%-ға жетеді деп күтілуде. Қосымша Шағалалы ауылында 105 млн теңгені құрайтын 1 жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім тиісті басқармаға ұсынылды», — деді Марат Қырғызәліұлы.
🔴Аудан әкімі Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылға дейін 2 млрд. ағаш отырғызылатынын атап өтті. Ал бүгінде аудан көлемінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, «Жасыл белдеулерге» 15 800 әртүрлі түп тал көшеттері егілгенін жеткізді.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі
1
Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5202
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5360
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20325
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22425