САРЫСУДА СҮТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

САРЫСУДА СҮТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Әулиеата өңірінде ауыр өнеркәсіпті қайдам, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі секілді экономиканың өңдеуші салаларының дамуы енді ғана жолға қойылып келеді. Тіпті аталған саланың өркен жаюы кемшін деп те айтуға болады. Оған нарықтағы сұранысты жергілікті кәсіпкерлердің өндірген өнімі толық қанағаттандыра алмай отырғаны дәлел.

Мәселен, ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларын сөз ететін болсақ, облыста ұннан макарон, нан, балықтан килький, қант немесе ванилиннен тәтті, сүттен айран, қаймақ, еттен шұжық, теріден былғары, жүннен тоқыма бұйым өндіретін әртүрлі бағыттағы қайта өңдеу кәсіпорындары санаулы ғана. Соның ішінде тамақ өнеркәсібін жеке-дара қаузайтын болсақ, облыста ауыл шаруашылығы саласында макарон, нан, кондитерлік секілді өнім өндіретін 52, 33 ет, 24 сүт бағытында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен майда-шүйде цех бар. Осы кәсіпорындар үшін қажетті шикізатты табу облыста қат емес. Тек істің көзін тауып, барды ұқсататын кәсіпкерлер табылса, ауылдықтардың өндірген өнімін өңдеу арқылы халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандыруға болады. «Маған емес, елге болсын» дейтін кәсіпкердің бірі – Фархат Шайымқұлов. Ол былтыр Сарысу ауданы Жаңатас қаласында сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех ашқан. Осыған дейін өндірілген өнімдердің жарамдылық мерзімі сынақтан өткізіліп, әрі кем-кетігі түзелген цех 1 сәуірден бастап толық қуатында жұмыс істей бастады. Сарысу ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Оңласын Мұқашев сарысулықтар үшін жүзеге асып жатқан игі жоба құны 65 миллион теңгені құрағанын айтады.

– Сүт өнімдерін өңдейтін цехты «Байтұр-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашты. Жоба басшысы – Фархат Шайымқұлов. Цех тәулігіне 2 тонна сүт өңдейді. Оған қажетті сүт Жаңатас қаласынан және қалаға жақын орналасқан ауылдардан жиналады. Цех бұған дейін де жұмыс істеді. Алайда тауарлардың сапасын артыру мен техникалық ақауларды қалпына келтірудің арқасында цех толық күшінде жұмыс істей бастады, – деді Оңласын Өзбекұлы.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөл імінің басшысы Сейіл бек Дариябековтің сөзіне сүйенсек, өткен жылы ауданда 22 350 мүйізді ірі қара болған екен. Сол жылы 12 142 сауынды сиырдан 6572,3 тонна сүт өндіріліпті. Аудан халқының саны – 44 692. Өндірілген сүттің 3000 тоннаға жуығын жергілікті аудан халқы тұтынды дегенде, қалған бөлігі базарларға сатылуға шығарылған көрінеді. Бір айта кетер жайт, 12 мың 142 сиыр 6 ай сауылып, күніне 10 литр сүт берді дейтін болсақ, бұл ауданда жылына шамамен 25-30 мың тонна сүт өндірілуі керек. Ал мына көрсеткіш біз үшін тым аз көрінді. Осыдан кейін біз Фархат Исақұлұлымен тілдесіп, ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәлімет бойынша өндірілетін сүт көлемі тым аз екенін сөз ете отырып, өзі жылына алты мың тонна сүт өндіретін ауданда күніне екі мың тонна сүт өңдеуде шикізатты қай жақтан алғалы отырғанын сұрадық. Ол статистикалық мәліметке иек артпайтынын меңзеді.

– Мен ондай есепке сене бермеймін, себебі өз есебім бар. Әу баста ауыл-ауылды өз аяғыммен аралап, сүт жинағанда бір ауылдан 200-300 литр сүт шықса, он ауылдан шамамен 2 тонна сауылған сүт жинаймын деп жоспарлағанмын. Бірақ ауыл-ауылды аралау барысында бір ауылдан 1 тоннаға дейін сүт шығатынына көзім жетті. Одан бөлек жекелеген 50, 100 сауынды сиыры бар шаруа қожалық иелері мені өздері іздеп келіп, «Келісімшартқа отырайық, күніне пәлен тонна сүт өткізіп тұрамын» деп қолқа салуда. Осыдан кейін мен күніне 2 тонна емес, 5 тонна сүт өңдеуге бел байладым. Өйткені ел ішінде жаңа сауылған шикі сүт көлемі өте көп.

Сүт тасуға арналған екі көлігіміз бар. Ол көліктерде сүттің майлылығын, құнарлығын ашыған-ашымағанын анықтайтын жабдық орнатылған. Цех жабдықтары Ресейден әкелінген. Оның әлеуеті 1 сағатта 1 тонна сүт өңдеуге арналған. Қазір жұртшылықтан сүттің әр литрін 200 теңгеден қабылдап жатырмын. Ауылдық жердегі кейбір тұрғындар сүт өткізу арқылы күніне кемі 25-30 мың теңге тауып отыр. Қазір сүттің ақысын оларға қолма-қол беріп жүрмін. Жақын күндері оларға банктік есепшот аштырып, ақшасын он күн сайын аударып отыруды келісіп жатырмыз. Сонда сүт өткізген тұрғын он күн сайын 200-300 мың теңге табыс таба алады.

Біз тауардың брендтік сауда белгісін «Дәстүр» деген айдармен сатылымға шығардық. Сүттен қаймақ, сүзбе, брынза, сарымай сынды өнім өндіреміз. Жергілікті жердегі екі адамды арнайы технолог мамандығына Жуалы, Байзақ ауданында оқыттым. Олар еліміздегі сүт өңдейтін өзге кәсіпорындарда тәжірибеден өткен, істің парқын біледі. Басқа да жұмысшылар осы Сарысу жерінен. Негізінде осы цехта әзірге оншақты адам жұмыс істеп жатыр. Еңбекақылары 100-250 мың теңге аралығында. Біздің өніміміз нарықтағы бағадан 20-30 пайызға арзан. Мәселен, бір сүт өнімі сауда орындарында 1400 теңге тұратын болса, ал біздің тура сондай тауарымыз 1000 теңгеден сөреге қойылады, – деді ол.

Фархат Шайымқұлов алдағы уақытта күніне 20 литр сүт беретін голландиялық сиырлар әкелуді жоспарлап отыр. Мақсаты – аудан халқын сүт және сүт өнімдерімен қамтып, оны тұрғындарға өткеруде халықтың қалтасына ыңғайлы болатындай арзан бағада ұсыну.

Жалпы, елімізге, өңірімізге сырттан келетін тауарларға тосқауыл қойып, отандық нарықтан импорттық тауарларды ығыстыру үшін осындай кәсіпкерлердің қатарын көбейту керек. Өңірдің өңдеуші немесе қайта өңдеу саласы жанданатын болса, экономика да халық үшін жұмыс істейтіні белгілі.

 

Нұрым СЫРҒАБАЕВ, arainfo.kz
06.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 495

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807