Қазіргі таңда қоғамда резонанс тудырған жасөспірімдердің жанжалдасуы көбейіп отыр.
Соңғы уақыттарда болып жатқан оқиғаларды алып қарасаңыз, жасөспірімдердің іс-әрекетіне жан түршігеді.
«Жеткіншектер неге қатыгез болып барады?» деген сауал туындайды көкейімізде. Бәріміздің де бауырымыз, ініміз, баламыз, туысымыз бар.
Сондықтан мұндай әрекеттерге бей-жай қарамай, құқық бұзушылықтың алдын алуға әр азамат өз үлесін қосуы керек.
Бұл жерде барлық мәселе тәрбиеге келіп тіреледі. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,-деп, әл-Фараби данамыз айтқандай, балаға ең бірінші жақсы тәрбие берілуі керек.
Білім ордасы – бала үшін екінші отбасы, ал, ұстаз – екінші анасы екені даусыз.
Осы орайда ата-ана мен мұғалімнің бала тәрбиесіндегі рөлі де екіге бөлінбеуі керек.
Ата-ана баласын алты жасқа дейін баптап өсірсе, ары қарай мұғалім бұл жауапкершілікті жалғастырып, қабыл алуы керек.
Бірақ ата-ана баласын ұстазға тапсырдым екен деп, арқасын кеңге салуына болмайды. Ата-ана да, ұстаз да берер тәрбиесі мен өнегелі іс-әрекетін көрсете білуі тиіс.
Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана» дегендей, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстық және зорлық іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында Сарысу ауданында түнгі рейдтер жүргізілуде.
Атап айтар болсақ "Қоғам сақшысы" аясында Жаңаталап ауылдық округінде мереке қарасыңында, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.