САРЫСУДА «ЖОМАРТ ТҮЛЕК — 2022» ФОРУМЫ ӨТТІ

САРЫСУДА «ЖОМАРТ ТҮЛЕК — 2022» ФОРУМЫ ӨТТІ
 0

Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы Сарысу ауданында дәстүрге сай биыл да жалғасын тапты.

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде өткен түлектер кездесуіне аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысты. Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, басқосудың тағылымдық маңызына кеңірек тоқталды.

– Облыс басшысы Бердібек Машбекұлының бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынғалы жыл толды. Басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Сондай-ақ, танымал сарысулықтардың туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін арнайы jambyl-tylek.kz сайты жұмыс істеп тұр. Былтырғы жылдың өзінде, аталған бағдарлама аясында біздің түлектер туған мектебіне, ауылына жалпы сомасы 71,6 миллион теңге демеушілік көрсетті. Оның ішінде 62,1 млн. теңгеге ауданда 10 жоба іске асырылды. Бұл «Жомарт түлек – жомарт жүректің иесі» екендігін байқатады, — деді аудан әкімі жүрекжарды жылы лебізінде.

Бүгінгі өткен форумда мектеп қабырғасын тәмәмдағандарына алды жарты ғасыр, соңы 10 жыл болған 100-ге жуық түлек басқосты. Барлығы лек-легімен сахна төріне шығып, көзкөрген ұлағатты ұстаздарына алғыстарын жеткізіп, жиынға қатысқан мектеп оқушыларына өмірлік ақыл-кеңестерін айтты.

Еркін форматта өткен форумда, ел тұтқасын ұстаған азаматтар балалық шағын еске алысып, көңілдері босап, көздеріне жас алған сезімге толы сәттер көп болды. Осылайша әр жылдың түлектері мектептің материалдық-техникалық базасын толықтыруға және өтпелі жөндеу жұмыстарын жүргізуге деп, қомақты қаржылай көмектерін көрсетіп, үлкен демеушілік танытты.

Форумда мектептің жоғарғы сынып оқушылары аталған білім ордасының түлегі, республикаға танымал журналист, ақын, облыстық «Aq Jol» газетінің жауапты хатшысы Тұрсынбек Сұлтанбектің сөзіне жазылған «Мектебім» әнін хормен шырқап, аса ықыласпен дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетті.

 

 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
13.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 87
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 97
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 192
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 192
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 330
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 559
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 502

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9207
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8604
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11831
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9601
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10814