САРЫСУЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАР ТАЗАЛАП, ҚАРТТАРДЫҢ БАТАСЫН АЛЫП ЖҮР

САРЫСУЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАР ТАЗАЛАП, ҚАРТТАРДЫҢ БАТАСЫН АЛЫП ЖҮР
Сарысу ауданында қалың қар түсті. Қар тазалау әсіресе жалғызілікті, мүгедектігі бар қарияларды әбігерге салатыны анық. Осы ретте Сарысу аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар
ресурстық орталығының» еріктілері қала және ауылдық округтердегі қарттардың ауласын тазалауға қол ұшын созды.
Мектеп оқушыларынан бастап жасы ересек азаматтарға дейінгі еріктілер ауылдардағы ардагерлерге, зейнет жасындағы және жалғызбасты қарттар мен аналарға қолдан келген көмектерін ұсынды.
Сарысудың жігерлі жастары жалғызбасты ананың ауласын қардан тазалап, отын-суы мен үй шаруашылық жұмыстарына жәрдем етіп батасын алды.
Дәл осындай қайырымдылық шарасы Сарысудың барлық ауылдарында да жалғасын тапты.
Игі істен бұл жолы да жастарқалыс қалмады.
Қариялар үйлеріне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
Жастардың мақсаты - азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау.
Асылжан Пазылбеков, Сарысу ауданы "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің директоры
11.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18721
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22180