Бүгін Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні.
Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асхат Аманқұлұлы Алметов: - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Бұл күнді қазақ халқының әрбір азаматы жүрегімен сезінуі тиіс. Дәл осы Тәуелсіздік туының желбіреуіне ықпал еткен 1986 жылдың жастары жасаған ерлік ешқашан ұмыт болмауы керек.
Сонымен бірге, жас ұрпақтың жадында әркез сақталуы тиіс. Ендеше осындай ата-баба қанымен келген егемен елдің төл мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын дейміз. Қазақстанның егемендігі, еркіндігі, азаттығы жасай берсін,-деп құттықтау лебізін білдірді.
Сондай-ақ, жеке құрамды 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік мерекесімен құтықтап жұмыстағы жетістіктері үшін бір қатар қызметкерлерді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Хакимбекұлы Баймурзиннің және өз атынан Грамота ,Алғыс хаттарымен марапаттады.