Сәуле Мешітбайқызы Талас ауданында

Сәуле Мешітбайқызы Талас ауданында
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас редакторы Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында Талас ауданында болды.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың арнайы қабылдауында болып, ауданның бүгінгі ахуалымен, ел – жұрттың тыныс тіршілігімен танысты.
Сәуле Мешітбайқызы халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясы, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты және «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясының биыл «Ел аманаты: «Ауыл – ел бесігі» деген атаумен жалғасын тапқанын айтты.
Аудан халқына, ауданда атқарылып жатқан игі істерге, ел игілігі үшін қызмет атқарып жүрген басшыларға ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін аудандық "Ұлбике ақын" атындағы мәдениет орталығының «Коворкинг» орталығында аудандағы мекеме басшыларымен, білім беру ұйымдарының, кітапхана, мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында «Qazaqstan dauiri» газеті редакциясының бастамасымен жарыққа шыққан «Намыс қайрағы», «Ұлт шырағы» атты жаңа кітаптарды аудандық кітапханаға тарту етті.
Одан кейін ел анасы Қаратау қаласындағы Мектеп-лицей оқушылары мен ұстаздарымен кездесті. Кездесуде Сәуле Мешітбайқызы "Мөлдір бұлақ" журналының тұрақты оқырмандарына журналдың жаңа санын сыйға тартты.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
02.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14354
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14282
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29425
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28061
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31590