Саябақ «Таза Қазақстан» аясында ашылды

Саябақ «Таза Қазақстан» аясында ашылды

Ақтөбеде қала әкімінің қаланы абаттандыруға үлес қосу туралы үндеуін қабыл алған кәсіпкерлердің демеушілігімен саябақтар мен скверлерді, бос жатқан аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Сондай нысанның бірі – қаланың тарихи бөлігі Тұрғындар қалашығы ауданындағы бос жатқан учаске. Күз-көктемге балшықтан адам аяғы жүргісіз болып, қараусыз жатқан бұл жерді абаттандырып, тұрғындар үшін демалатын қоғамдық кеңістікке айналдырумен қаланың жанашыр тұрғыны, кәсіпкер Зұлқожа Қожаев айналысты. Қала әкімі ашылуына қатысып, кәсіпкерге тұрғындар атынан алғысын жеткізді.

Бұл саябақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында ашылды.

– Сіз өткен жылы отбасыңыздың атынан Мәншүк Мәметова көшесінің бойынан бос учаскеге жаңа сквер салып бердіңіз. Тұрғындар бұл игі ісіңізге өте риза. Міне, биыл да қаламызды абаттандыруға үлес қосып жатырсыз. Жилгородок тұрғындары жаңа сквердің ашылуын жақсы қабылдайды, күтіп ұстайды деп сенемін, – деді Азамат Бекет.

1,5 гектар аумақта парк жиһаздары орнатылды, жарықтандырылып, тротуар төселді.

– Жер үстімен өтіп жатқан жылу трассасының құбырларын жердің астына орналастырдық. Одан бөлек, 78 дана парк шамдарын орнаттық, 1800 шаршы метрге брусчатка төседік. Көгалдандырдық, суару жүйесін жүргіздік. Биыл Азамат Бауыржанұлына өзіміз осы жерді абаттандырып берейік деп ұсыныс жасадық. Бұл ақтөбеліктерге менің отбасымның атынан жасап жатқан тағы бір сыйлығым, тұрғындардан тек ұқыпты болуды, жасап бергенді сындырмауды сұраймын, – деді Зұлқожа Қожаев.

М. ТАБЫН, Ақтөбе облысы
23.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26654
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26087
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43479
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39258
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43883