Шебердің Қолы Алтын

Шебердің Қолы Алтын
 

Осындай құрақ құраумен айналысатын, Жаңатас қаласының тұрғыны Жамал Молдаққызы Қойшығараевамен әңгімелесу барысында әрбір құрақтың, әрбір ою-өрнектің, әрбір түстің қандай мағына беретінін білдік, күнделікті көріп, қолданып жүрген дүниеміздің түпкі мағынасына қанықтық.

Жамал Молдаққызы –Саудакент ауылының тумасы. Он саусағынан өнер тамған тігінші қыздың кішкентайынан қолөнердің құрақ түріне аңсары ауған. Айтуынша  анасы  құрақ құраудың, көйлек тігудің шебері болыпты. Мал бағып, жолдасына көмекші бола жүріп қолы қалт еткенде тігін машинасына отырып, тігіс тіккенді ұнататын екен. Анаға жақын болған қыз, оның бойындағы жақсы қасиеттерді де бойына жинай берді.

Бойжеткен қыз мектепті бітірген соң, арман қуып алыстарға сапар шекпесе де бала кезінен арманы болған құрақтың қыр-сырын үйренуге тырысты. Ең әуелі Кеңес дәуірі кезінде Саудакентте ашылған тігін артелінде жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп, тәжірибе жинақтады. Зейнеткерлікке шыққан соң үйде босқа отырмай тұрғындардан көрпеше, жастық құрақтарына тапсырыс қабылдай бастайды. Қазіргі таңда келін түсіріп, қыз ұзататын тұрғындар жасауына құрақ көрпешелерді қосады. Ондағы мақсат, қыз баласының барған жерінде құралып жүрсін деген арман. Тұрғындардың әжетін ашып бір жағынан алғысын алса, бір жағынан күнкөріс қамы.

Жамал апа қазір 74 жаста. Бес ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, жиырма үш немере сүйіп отырған бақытты аналардың бірі. 

Апаны әңгімелесу барысында сөзге тартқан болатынмын.

-Әрине, бірден құрақ құрап кеткен жоқпын. Алдымен үзілген түймені қадау, сырмасын жөндеу, жастық қабын тігу, сөгілген жерлерді көктеу сынды жұмыстарынан бастадым. Анам білгендерін үйретуден жалыққан емес. Өзімнің де қызығушылығым күшті болғаны соншалық, құрақты көргенде ерекше күй кешетін едім. Шабытым ашылып, қиялыма неше түрлі құрақтың кескіндері келетін. Құрақ өнерін үйреніп, осы іспен айналысқалы бұл адамды төзімділікке, үнемділікке үйрететініне көзім жетті. Түрлі түстердің бір-бірімен үйлесім табуын түсіндім. Әсіресе нәзік жанды аруларымызды әдемілік пен әсемдікке, тазалық пен тиянақтылыққа жетелейді. Ең бастысы ой-өрісін кеңейтеді. Біріншіден, қазақ әйелдерін ысырапшылдыққа жол бермеуге үйреткен дүние. Кезінде аналарымыз түрлі маталардың қиындыларын қоқысқа тастамай, кәдесіне жаратқан. Әртүрлі үзінділерден түрлі киімдер жасаған. Құрақ кестенің шығу тарихы осында жатса керек,-деді.

 

Камели Сүлейменова, Жамбыл облысы, «Sarysý»
09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817