СЕНАТ ДЕПУТАТЫ САРЫСУДА БОЛДЫ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ САРЫСУДА БОЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келді.
Сенатор сапар барысын алдымен аудандағы ірі инвестицияның бірі, кальцийлендірілген сода шығаратын «Казсода» ЖШС-нен бастады. Зауыт құрылысының жұмысымен, сондай-ақ «Ақкөл көлінен бастап қуаты жылына 400 мың тонна кальций қосылған сода өндіретін зауыт шекарасына дейін су таратқыш салу» жобасының құрылыс жұмыстарымен танысып шықты. Бұл кальцийлендірілген сода шығаратын өндірістік зауыт құрылысына Түрік мемлекетінің компаниясы 400 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестиция салып отыр.
Бұдан кейін Сәкен Қаланұлы «Сарысу аудандық ветеринариялық станциясы» кәсіпорының жұмысымен танысып, ветеринар мамандармен кездесті.
Сенат депутаты сапар барысында «Ынталы» каналында болып, каналдың жағдайын көрді. Аудандағы шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесті. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстардың барысымен танысты.
Жамбыл облысының әкімдігі
04.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20077
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18722
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22180