Сенаторлар Жамбыл облысында ауылдарға газ жеткізу мәселесін талқылады

Сенаторлар Жамбыл облысында ауылдарға газ жеткізу мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Бекболат Орынбеков пен Абдалы Нұралиев Жамбыл облысына сапар барысында өңірдегі елді мекендерге газ жеткізу және әлеуметтік саладағы мәселелерді талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Олар Ақкөл ауылында ақсақалдармен кездесіп, елді мекеннің даму болашағы туралы пікір алмасты. Бекболат Орынбеков ауылға табиғи газ жеткізу жұмыстарының барысы туралы айтып берді.

Ақкөл ауылына газ тарту ұзақ жылдар бойы көтеріліп келеді. Соның нәтижесінде 2021 жылы Ақкөл-Қызыләуіт-Ақтөбе елді мекендеріне газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Онда магистральдық газ құбырын салу жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Енді 411 үйде газ жеткізу жөніндегі үйлер арасындағы желі құрылысына қатысты мәселе туындады. Ол жобаның құны 369,3 миллион теңге болып отыр. Бұл бағытта облыс әкімімен және салалық министрліктермен бірлесіп тиісті қаражат бөлу жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Бекболат Орынбеков.

Әңгіме барысында азық-түліктің қымбаттауы мәселесі де көтерілді. Бекболат Орынбеков ақсақалдарды азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Сенаторлар Қаратау қаласына барған кезде коммуналдық меншіктегі және жөндеуді қажет ететін көп қабатты жатақханалар ғимараттарының жай-күйімен танысты. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің айтуынша, жөндеу үшін барлық дайындық жұмыстары жүргізілген, тек қаржыландыру қажет.

Мемлекеттік бағдарламалар ережелерінің өзгеруіне байланысты бұл бағыттағы жұмыс тоқтатылғаны белгілі. Сондықтан сапар аяқталғаннан кейін еліміздің Премьер-Министрінің атына осы жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерді әзірлеу қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдаймыз, – деді сенатор Бекболат Орынбеков.

 

БАҚ kz
28.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 84
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 89
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 331
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 553
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 500

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9204
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8601
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11828
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9598
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10811