ШЕРАҒАҢНЫҢ ТОЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАЛАЙ?

ШЕРАҒАҢНЫҢ ТОЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАЛАЙ?
 

– Сауран Қалиұлы, өзіңіз басқарып отырған орталықтың Халық жазушысының атымен аталуы да бекер емес шығар. Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына дайындық барысы қалай? Қандай жұмыс жоспарын бекітіп отырсыздар?

  Біз бұл айтулы күнге дайындықты өткен жылы күз айында бастап кеттік. Өздеріңізге белгілі, 2004 жылы сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетовтің бастамшы болуымен жазушыға туған ауылы – Жуалы ауданы, Талапты ауылында екі қабатты үй салып берген болатын. Ал жазушы елге келгенде, яғни 2005 жылы Бөрібай Жексембин жаңадан бой көтерген «Астана» шағын ауданынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Мен, мұны неге айтып отырмын. Шераға Тараз бен Талаптының ортасын жол қылып шығармашылығын аша түсті.

Бүгінде осы Талаптыдағы Шерағаның үйіне жазушының інісі Батырханның ұлы Әлижан аға бас-көз болып отыр. Өткен жылы Әлижан ағаның ұсынысымен орталықтың ғылыми қызметкерлері Шерағаның үйінде болып қайтты. Болып қайтты дегенім бергі жағы шығар, «алтын көмбенің» үстінен түстік. Шерхан ағаның күнделіктері, хаттары, қолжазбалары және естелікке алған бағалы сыйлықтары, марапаттары түгел дерлік осында сақталған екен. Ал кітапханасы – әлем әдебиеті классиктерінің кітаптары мен шығармаларының алтын ордасы дерсің. Сөйтіп, Әлижан ағамен келісіп, күнделіктері мен хаттарын орталыққа алып келіп, оны зерделеп, электронды нұсқаларын дайындап жатырмыз. Ойымыз биыл осы мерейтойға орай екі кітап құрастыру. Қазір Шерхантану бөлімінің ғылыми қызметкерлері толық дерлік осы іспен айналысып отыр. Өткен ғасырдың бел ортасында — 1941 жылы мектеп-интернатта оқып жүрген 17 жасар Шерханның бастаған күнделіктері үздіксіз 70 жылға жуық жазылған. Әрине, әр кезеңнің өз сарыны, тақырыбы, қоғамдық пікірі болады. Дегенмен жазушының күнделігі – баға жетпес қазынаға баланары анық. Тіпті, Шераға күнделіктер хақында: «Күнделік – адамның ең жақын досы. Басқаға айтпаған сырыңды соған сеніп тапсырасың. Мейлі көркем шығарма болмай-ақ қойсын. Бір заманда ол сыйлық алған шығармадан да құнды болар, кім біледі… » деген екен.

Тағы бір айта кетерлігі, Тараз қаласындағы Тараз Халықаралық инновциялық институтында «Шерхантану орталығы» бар. Бұл орталықта да Шерхан Мұртазаның біраз мұрасы бар. Шераға көзі тірісінде жоғарыдағы орталықта жиі болып, ондағы ұйымдастырылған шараларға қатысып жүрді. Сондықтан әлгі күнделіктер мен хаттарды құрастыру барысында үзілген жылдар арасын жалғауда осы орталықтағы бар материалдарды да алатын боламыз. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас ғимаратында Шерхан Мұртаза бұрышы бар. Онда да Шерағаның шығармашылығына қатысты дүниелер кездеседі деп ойлаймын.

Ал енді Талаптыдағы Шерағаның үйіне келер болсақ. Биылғы жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен үй – «Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық үйі» болып қайта жасақталып, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының құзырына өтеді. Қазір құжаттары реттелуде.

– Әдебиет сүйер қауым Талаптыға атбасын бұра ма екен…

– Былайша айтқанда, Талаптының өзі бір табиғаты ерекше жерге орналасқан ауыл. Шерхан ағаның тілімен айтсақ, Тәңіртаудың етегінде жатқан ауылдың ауасы қандай, самал желі, қайнар бұлағы… Әрине, Жуалының қысы қатты. Дегенмен бұл шара – ішкі туризм кластерін дамытуға да көп ыңғайлы болмақ. Екіншіден, Талаптыдан 20 шақырым жерде адамзаттың Айтматовы – Шыңғыс Айтматовтың туған ауылы – «Шекер-айл» жатыр.

1979 жылы қаңтар айында бір топ қазақ жазушылары Қырғыз еліне жол тартады. Ішінде Шераға да бар. Сонда Шерхан аға: «Менің туған ауылым Қазақстанның Қырғызстанмен шекаралас бір пұшпағында. Сондықтан Шыңғыс жүрген, Шыңғыстың әкесі Төреқұл жүрген, атасы Айтмат жүрген сай-сала, адырлар да, жазық та, тау-тас та маған жақсы таныс. Төреқұл оқыған Әулие-Ата – Жамбылда мен де оқыдым… Шыңғыстай ұл туғызған қырғыз халқы жасасын демекпін. Екі елдің туыстығы, эмрайин жұлдызы сөнбесін, Манас, Шыңғыс шоқылары мәңгілік, олар және алыстан көрінеді. Солар аласармасын!» – деген екен. Тірісінде шығармашылық, рухани байланыста болған осы екі жазушының рухы – әлі биіктеп тұрған жоқ па?! «Шекер-айлда» Шыңғыс Айтматов үйі бар. Енді Талаптыда Шерхан үйі болса, осында келген азаматтар екі ауылдың арасын жол қылып, мәдени-әдеби, рухани сусындары анық. Оның үстіне наурыз айында мекеменің ғылыми қызметкерлері «Шекер-айлға» барып, ондағы Шыңғыс үйінің қызметкерлерімен тәжірибе алмасады.

Шерхан Мұртазаның 90 жылдығын өзі туып-өскен – Талапты ауылында өткізу ойда бар. Өйткені жазушының күнделіктері мен хатт арына, жазбаларына үңілген кезде, оның Жуалы, Мың-Бұлақ, Талаптыға деген сағынышының, ыстық махаббатының лебін сезесіз.

– Таразда қандай шаралары өтеді?

– Мерейтой барысында, яғни жыл ағымына бекітілген шаралардың барлығы Таразда, жазушының атын иемденген рухани орталықта өтеді. Өткен жылы Үкіметтің қаулысымен облыс орталығындағы «Баспасөз үйі» «Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйі» болып аталады деген болатын. Осы жаңалықты да көпшілікпен бөлісетін күн алыс емес деп сенемін.

Биыл аймақтағы баспасөздің қара шаңырағы облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығы. Жалпы, ағымдағы жылды «Жамбыл журналистикасының жылы» деп атауға толық негіз бар. Ал ғасыр бойы өңірдің тарихы мен мәдениетін, өркендеу жолы мен даму даңғылын басты тақырып етіп алған «Aq jol»-да еңбек еткен азаматтар кейін елімізге белгілі жазушылар, ақын, драматург, белгілі әдебиет сыншысы, қоғам қайраткерлеріне айналды. Шерхан Мұртаза айтпақшы «Журналистің қос қанаты болу керек…». Осы жылы қос қанатын тең ұстаған, шабыт айдынында еркін жүзуіне мүмкіндік берген «Aq jol» газетінің арғы-бергі тарихында еңбек еткен біраз қаламгерлердің мерейтойлары. Атап айтар болсақ, газетте редакторлық еткен, ҚР Парламентінің депутаты болған Арғынбай Бекбосынның 85 жылдығы. Осы басылымда қаламдары шыңдалып, елге танылған қаламгерлер – жазушы Оспанәлі Иманәлиев 95, жазушы, детектив романдардың авторы Кәрім Баялиев 95, ақын Жақсылық Сәтібеков 85, тарихшы-зерттеуші, жазушы Бақытяр Әбілдаев 85 және «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Несіпбек Дәутайұлының 75 жылдығы. Әрине, бұл азаматтар қазір ортамызда жоқ. Дегенмен біздің орталықта зиялы қауым өкілдерімен және әдебиет, тарихи, рухани құндылықтарға қатысты өтетін іс-шаралардың барлығында жоғарыдағы азаматтардың шығармашылығы кең насихатталады. Сондай-ақ орталықтың биылғы жұмыс жоспарында ортамызда жүрген зиялы қауым, ақын-жазушылар, тарихшылар, этногроф-ғалымдармен де жиі кездесулер өткізіп, рухани, ұлттық, дәстүрлі сабақтастықты үзбеуге негізделген тақырыптар көп болмақ.

– Зиялы қауым демекші, орталықта өтетін әрбір жиынның төрінде біз аға буын өкілдерін жиі көреміз. Ал орта және жас буын аралығындағы рухани кеңістік байланысын қалай топшылайсыз…

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылғы «Халық бірлігі және  жүйелі реформалар–ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының жетінші «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» басымдығында зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады деген болатын. Сондықтан аға буын өкілдерінің өмірлік бай тәжірибесін, оның ішінде еңбек адамдарының өнегесін орта, жас буынның бойына сіңірсек деген ниет басым. Мысалы, биыл мемлекет және қоғам қайраткерлері – Дінмұхамед Қонаевтың 110, Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы. Ал бұл азаматтардың көзін көргендердің дені – аға буын. Амандастым, дастарқандас болдым дегеннен – болмысы, бітімі, ел алдындағы адал қызметі, асқақ бейнесі жайында сөз айтсақ, жас буын соған көп еліктейді. Және орталықта өтетін әрбір жиынның тақырыбын аша отырып, біз ол азаматтардың Шерхан Мұртазаның өміріне де қатысты тұстарын айтуды мақсат еттік.

Өздеріңізге белгілі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жыл Балалар жылы болып белгіленді. Сондықтан белгілі жазушы Әлдихан Қалдыбаев пен балалар ақыны – Асқаржан Сәрсек, Лесбек Сайлаубековтың шығармашылығын насихаттау да жұмыс жоспарында тұр. Облыс орталығындағы орта мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының оқушыларымен кездесулер өткізіп, аталған ақын-жазушылардың шығармалары негізінде қойылымдар қойылады. Сонымен қатар өлеңге құштар, жазуға құмар жас өркендерді әрдайым ынталандырып отыру да биік мұраттарымыздың бірі.

– Әңгімеңізге рақмет!

Ерман ӘБДИЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
11.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616