ШЕШЕНДІК ӨНЕР – АСЫЛ ҚАЗЫНА

ШЕШЕНДІК ӨНЕР – АСЫЛ ҚАЗЫНА
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы.
Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туған.
Қазақтың дәстүрлі, ата–бабадан бізге жеткен шешендік сөздері шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау-дамайды шешу сынды түрлерге бөлінеді.
Бүгін аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында «Атадан қалған–асыл сөз» атты «дөңгелек үстел» басында сайыс өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты мемлекеттік тілімізді кеңейту, тіл мәдениетін көтеру. Ата-бабамыздан қалған асыл, шешендік сөздерді кейінгі жас буындардың бойына сіңіру.
Аталған шараны ҚР Журналистер Одағының мүшесі, еңбек ардагері Диханбай Ақділда жүргізді.
«Дөңгелек үстел» сайысының ашылуында аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сөз сөйлеп, өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Пернебай Дүйсенбин бастаған ауданымыздың сөзі дуалы, батасы уәлі қарияларымыз Марқаш Мизенбаев, Шәріпбек Қалжанов, Құдайберген Мәмбетов және Дүйсенбек Пернебаев ұлттық өнеріміздің тарихындағы билер мен шешендерден, ата-бабадан қалған асыл, шешендік сөздерді айтып, жиналғандарға мән-мағынасын түсіндіріп берді.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Пернебай Дүйсенбин, екінші орынды Құдайберген Мамбетов, жүлделі үшінші орынды Шәрііпбек Қалжанов қариялар иеленді.
Үздік деп танылған және белсенді қатысқан қариялар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттармен, заттай сыйлықтармен марапатталды.
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚОНЫС АУДАРУ ЖӘРМЕҢКЕСІ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 09.04.2025 15
ШУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ КӨЛЕМІН МОЛАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.04.2025 19

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4135
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4314
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19260
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17920
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21367