Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті.


– 2024 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабын басшылыққа ала отырып және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері негізінде дайындалды. Биыл 24 сәуірде облыстық бюджетті нақтылау барысында Тараз қаласының бюджетіне трансферттер қарастырылды. Оның ішінде А.Асқаров көшесінің соңындағы алқапта құрылысы жүріп жатқан 16 көппәтерлі тұрғын үйдің, «Бәйтерек» ықшамауданындағы 1 200 орындық, «Ұлы дала» ықшамауданындағы 1 200 және 2000 орындық жайлы мектептердің инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге және абаттандыруға қаржы қарастырылған. Сондай-ақ облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы және Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасымен келісе отырып, өзіндік кірістерді ұлғайту жөнінде ұсыныс қабылданған. Бұдан бөлек қала аумағында жүргізілетін бірқатар жұмысқа қажетті қаражатты нақтылау ұсынылып отыр, – деді Жандос Илиясбекұлы.


