ШЕЖІРЕЛІ АҚСАҚАЛ СЕКСЕН ЖАСТА

ШЕЖІРЕЛІ АҚСАҚАЛ СЕКСЕН ЖАСТА
Бүгінде ауданымызға сыйлы ақсақалдардың бірі Тамаша Расилұлы адам ғұмырының асқаралы белесі - 80 жасқа толып отыр. Жарты ғасырдан астам уақытын ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге арнаған қария ұзақ жылдар бойы түрлі салада еңбек етті. Жауапты қызметтерді үлкен абыроймен атқарып, ұтымды ұйымдастырушылығы мен іскерлігінің арқасында талай белестерді бағындырды.
Сексенге аяқ басқан ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, мерейлі жасымен құттықтадық. Қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, қарияның есті сөзінен ғибрат алып қайттық. Қызметтен қол үзгенімен, кітаптан қол үзбеген Тамаша Расилұлы қазірдің өзінде бірнеше кітабын шығарып, алыс-жақын өңірлердің шежіресін қағазға түсірген. Біз де өз кезегімізде бір әулеттің ақылшысы болып отырған ақсақалдың қуанышын бөлісіп, ақ батасына қол жайдық. Қариямыздың ғұмыр жасы ұзақ болып, ырыс-дәулеті арта берсін дейміз.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
07.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5053
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5217
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20178
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18822
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22277