Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш сәрсенбі күні мәлімдеме жариялап, Ресей-Украина соғысын тоқтатуға шақырды.
Антониу өз сөзінде, «Өсіп келе жатқан жаһандық азық-түлік, отын және қаржылық дағдарысты тоқтату үшін Ресейдің Украинаға жасап жатқан шапқыншылығын тоқтату керек. Бұл дағдарыстар биыл әлемге ондаған миллион аш және кедей адамдарды көбейтуі мүмкін. Өлім мен жойылуды тоқтату керек. Бұл соғыс халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес саяси шешім табу керек»,- деді.
Гутерриш әлемге төніп келе жатқан ашаршылық қаупін де жасырған жоқ. «Жаһандық азық-түлік және энергетикалық нарықтардағы тұрақтылықты қалпына келтіру үшін шұғыл әрекет ету қажет және ең кедей елдер мен қауымдастықтарға төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ресурстар қажет»,-деді бас хатшы.
Гутерриш перде артында болса да Украинада өндірілген астықты Қара теңіз арқылы қауіпсіз экспорттауға және ресейде өндірілген астық пен тыңайтқыштардың әлемдік нарықтарына кедергісіз шығуға мүмкіндік беретін мәміле жасасуға тырыстынын аңғартты.
«Бұл мәміле дамушы елдердегі, соның ішінде Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы жүздеген миллион адамдар үшін өте маңызды.»
Ол өз командасының жоғарыдағы аталған күрделі мәселелерді шешу үшін қандай әрекеттер жасап жатқандығын және қатысты тараулармен бірер мәмілеге келген-келмегендігі туралы ашып-жарып айтқан жоқ.