Солтүстік Қазақстан облысы Мамлюттегі жаңа жобалар

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлюттегі жаңа жобалар

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  Мамлют ауданындағы жұмыс сапары барысында аймақтың әлеуметтік және экономикалық даму қарқынына ерекше назар аударды. Ауданның алдағы жоспары мен қолға алынған бастамалары халықтың өмір сүру деңгейін арттырып қана қоймай, өңірдің инвестициялық тартымдылығын да көтермек.

Қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі – тұрғын үй. Мамлютка қаласында салынып жатқан 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы осының дәлелі. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған бұл баспана адамдарға жайлы өмір сүру жағдайын жасайды. Жаңа пәтерлер заманауи стандарттарға сай салынып, қажетті инфрақұрылыммен қамтылады. Қоныстойдың қыркүйек айына жоспарланып отырғаны тұрғындар үшін үлкен қуаныш болмақ.

Таза ауызсу мәселесі де назардан тыс қалмаған. Құны 1,3 млрд теңгені құрайтын сегіз жоба аудандағы ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген түйткілдің шешімі болмақ. Әсіресе, төрт ауылға су тазарту модульдерінің орнатылуы ауыл тұрғындарының тұрмысын жеңілдетіп, денсаулық сақтау саласына да оң әсер етеді. Сонымен бірге орталық қазандықты күшейту бойынша шаралар атқарылып жатыр: қолданыстағы екі қазандыққа қосымша жаңа қазандық орнатылады. Бұл – қыстың қамын жаз ойлаған әкімдік жұмысының нақты нәтижесі.

Өндіріс саласында да серпін бар. Алдағы айда ағаш жоңқасынан тақта шығаратын жаңа зауыт іске қосылады. «Сапа Инвест Плюс» кәсіпорны елде теңдесі жоқ экологиялық таза өнім шығармақ. Бұл өндірістің ерекшелігі – қоршаған ортаға зиян келтірмейтін желім қолдануында. Жылына 30 мың тонна тақта өндіретін зауыт жергілікті нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа шығуға да әлеуеті бар. Қазірдің өзінде 15 адам жаңа жұмыс орнына орналасып үлгерді, ал болашақта бұл көрсеткіш еселене түсуі мүмкін.

Ауылшаруашылығында да жаңашылдық байқалады. Мамлют ауданында аквакультура саласы дамып келеді. Жеке кәсіпкер Александр Ухов балық өсіру ісін жолға қойып, жыл сайын өнім көлемін арттыруда. Биыл 150 тоннаға жуық балық өнімін экспортқа шығару жоспарланып отыр. Бұл тек ауданның ғана емес, жалпы облыстың агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға үлес қосады.

Жол мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Биылғы жылы ауданішілік және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 12 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Бұл ауыл мен қала арасындағы қатынасты жеңілдетіп, бизнес пен туризмнің дамуына ықпал етпек.

Осы атқарылып жатқан шаралардың барлығы – бір мақсатқа, яғни халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Жаңа тұрғын үйлер, таза ауызсу, жылы әрі сенімді қазандықтар, заманауи зауыттар мен жаңа жұмыс орындары, сапалы жолдар – мұның бәрі аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға арналған кешенді жұмыстардың көрінісі.

Нұрсайын Шәріп,

(Облыс әкімдігінің баспасөз  қызметі материалдары бойынша әзірленді)

 

04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17686
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32717
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31290
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34960