Тұрар Рысқұлов ауданында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма» деген тақырыпта ойын-сауық қойылымы мен концерт өтті.
Жалпы, Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай еліміздің әрбір аймағында іс-шаралар өтіп жатыр. Сондай ілкімді шараның бірін мінеки Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымы да ұйымдастырды. Шараға арнайы Луговой ауылындағы әскери горнизонның сарбаздары мен Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысып, осы концертті тамашалады. Біз де қатыстық. Жеке өз басыма ұнады, шыны керек. Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымы биыл Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халық театрларының «Шоқ тілді Шона» атты облыстық әзіл-сықақ байқауында жүлделі екінші орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама ұтып алған еді. Республикалық байқауда Шона Смаханұлының «Арнайы жүлде» номинациясымен және 500 мың теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болды.
Басқар Битанов атындағы халықтық театр әртістері сатиралық шымшымаға құрылған «Біз осы үйдің келіні боламыз» «Дүмше», «Соқыр ішек» қойылымдарынан сахналық көрініс ойнаса аудандық мәдениет үйінің әншілері Нұрлан Әмірбетов «Мерекем», Айша Жүнісова «Сен, сен», Дана Слан «Тек алға», Рысбек Қадырқұлов «Маржан қыз», Жансая Сәрсенбаева «Көктемге хат», Жансая Сәрсенбаева мен Қожа Берікұлы дуэті «Жұбатушым» әндерін орындап, залда отырған жастардың қошеметіне кенелді