СОЗАҚТЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ 20 ЖЫЛДЫҚ ҚҰРМЕТІНЕ БІР ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАП, АУЫЛҒА ҚАҚПА САЛЫП БЕРДІ

СОЗАҚТЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ 20 ЖЫЛДЫҚ ҚҰРМЕТІНЕ БІР ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАП, АУЫЛҒА ҚАҚПА САЛЫП БЕРДІ
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылындағы Әлішер Науаи атындағы білім ордасынан 2004 жылы қанат қағып, үлкен өмірге қадам басқанына 20 жыл болған түлектер игі істі қолға алды. Әр тарапта жүрген түлектер көпбалалы отбасына тұрғын үй сыйлады. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізіп, баспана иесін қоныс тойымен құттықтады.
– Ауданымызда жақсы дәстүр жалғасып келеді. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен елдің құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін, –деген аудан басшысы игі іске ұйытқы болған түлектерді алғыс хатпен марапаттады.
Облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев сауапты іс атқарған мектеп түлектеріне алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады. Түлектерге аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды. Тағылымды шараның куәсі болған ауыл ардагерлері мен ел ағалары осындай игі шаралардың өрелі жас ұрпақтың бойына изгі қасиеттерді сіңіретінін айтты.
Созақ ауылынан берілген жаңа баспана 5 бөлмелі. Ішкі бөлмелері қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі – 15 сотық. Арнайы шарбақпен қоршалған. Үйдің аумағына қосалқы шаруашылықты дамыту мен бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар.
Созақ ауылындағы Созақ мектеп-гимназиясын бітіргеніне 20 жыл болған түлектер де игі істі қолға алып, туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты. Созақ-Шолаққорған бағытындағы жол бойына ауылға көрік берер әсем қақпа тұрғызды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылына арнайы барып, ауылға кіреберіс аумаққа көрік беріп, сәнді де сапалы етіп тұрғызылған сәулетті қақпаның лентасын қиып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Туған жерді түлеткен 20 жылдық түлектерге аудан әкімі мен аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды.
Айта кетейік, жаңадан тұрғызылған сәулетті қақпаның биіктігі 6,5, ені 13 метрді құрайды. Ауылдың аты жазылған жазу мен қақпа аумағына түнгі жарықшамдар орнатылған. Өткен жылғы түлектер тұрғызған Рәміздер алеясына қарама-қарсы салынған қақпаның сәні мен сәулеті келісіп, ауылдың ажарын аша түскен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 120
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 119
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 666
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8812
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9193
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10422