Спорт алаңы ашылды

Спорт алаңы ашылды

Қостөбе ауылдық округіне қарасты Талас ауылында шағын футбол алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Құны 9,8 млн. теңге тұратын алаңды “Құт-береке” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшылары сапалы соққан.
Ауылдағы Гоголь атындағы орта мектептің ауласындағы футбол алаңының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, спорт ардагері Мамед Сулейманов жиналған ауыл халқы мен спортшыларды мерекемен, жаңа спорт алаңының ашылуымен  құттықтады. Олар алаңның ашылуына байланысты лентаны қиысымен жағалай шашу шашылды.
Таластықтар өздеріне  көптен күткен осындай спорт алаңын соғып берген аудан басшыларына алғыстарын айтып, аталған ауылдан алдағы уақытта еліміздің намысын қорғайтын Азия, әлем, Олимпиада чемпиондары шығатындығын жеткізді. Артынша Талас және Қостөбе ауылдарының футболшылары жаңа алаңда өздерінің жолдастық кездесуін бастап кетті.

Айдар Алдабергенов.
06.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20126
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22227