Спортшы арулардың бабы мықты

Спортшы арулардың бабы мықты

Орал қаласында түрлі додаларда топ жарып, еліміздің байрағын көкке көтеріп жүрген спортшы қыздар аз емес. Солардың қатарында суда желдей есетін Мария Бровкова мен боз кілемде есе жібермейтін Айсұлу Сәрсенова да бар.  

Биылғы көктем айлары спортшы арулар үшін жеңісті болды. Әсіресе, Мария Бровкованың мерейі үстем болды десек, артық айтқанымыз емес.  Алдымен байдарка мен каноэ есуден ересектер арасындағы ел чемпионатында барлық қашықтықтағы жаттығулар бойынша жеңіске жетіп, жеті бірдей алтыннан алқа таққан ару «Абсолютті чемпион» атанды. Осындай тарихи жетістікке қол жеткізген спортшы қыз Әлем кубогында да жеңісті бағындырды. Венгрияның Сегед қаласында өткен Әлем кубогының І кезеңінде ересектер арасында 1000 метр қашықтыққа жекелей каноэ есуден 1-орынға ие болып, бапкерлері мен жерлестерінің сенімін ақтады. 

Ал Айсұлу Сәрсенова Тараз қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогында жүлделі орыннан көрініп, қоланы қанағат тұтты. +77 келі салмақ дәрежесі бойынша өз бағын сынаған балуан қызымыз үшін мұның өзі де айтулы жетістік.

Спортшы қыздардың екеуі де студент, жоғары оқу орнында оқиды. Сабақ пен спортты қатар алып жүріп, осындай биіктерді бағындырған қыздар әлі көптеген байрақты бәсекелерде ел намысын қолдан бермесі анық.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
29.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673