ШҚО ауылдарында медицина дамып келеді

ШҚО ауылдарында медицина дамып келеді

 

 

Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында жыл соңына дейін 18 медициналық пункт салынады. 

 

Өңірдегі шалғайда жатқан елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттердің құрылысы «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы аясында жүргізілмек. Бұл туралы  ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы салынған ауылдық медициналық мекемелердің саны бойынша республикадағы басқа аймақтармен салыстырғанда көш ілгері тұр. Мамандардың жобалық-сметалық құжаттарды тез және сапалы дайындап, құрылысты қаржыландыруға қол жеткізгенінің арқасында 2023 жылдың өзінде ауылдағы денсаулық сақтау нысандарының қажетті санының жартысы бірден салынып тасталды. Осы жылдың соңына дейін біз шалғайдағы ауылдардағы дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер тапшылығын жоямыз», - дейді ол.

2023-2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданында ауылдық медициналық мекемелердің құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, Тарбағатай ауданында – 9, Зайсан ауданында – 3, Глубокое ауданында – 6, Катонқарағай ауданында – 2, Ұлан ауданында – 6, Шемонаиха ауданында – 2, Күршім ауданында – 5, Алтай ауданында – 3. Жалпы, 2023-2024 жылдары «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде өңір бойынша 36 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 7  дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт бой көтереді. 

Өткен жылы 17 медициналық пункт пайдалануға берілді. Оның ішінде Ұлан және Күршім аудандарында – 5, Тарбағатай ауданында – 6, Шемонаиха ауданында – 1. Дидар Кеңесбаевтың айтуынша, медициналық пункт салынған ең шалғайдағы елді мекендердің бірі – Урунхайка ауылы.

«Бүгінде Глубокое ауданы Прапорщиково ауылында дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы аяқталды. Бұл нысанның ашылуы осы мамыр айына жоспарланған. Мұнда іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтау ғана қалды. Сондай-ақ 2024 жылы тағы 18 ауылдық денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады: Тарбағатай ауданында – 3, Зайсан ауданында – 3, Глубокое ауданында – 5, Катонқарағай ауданында – 2, Ұлан ауданында – 1, Шемонаиха ауданында – 1 және Алтай ауданында – 3. Қазіргі таңда 13 нысан құрылысқа рұқсат алу рәсімінен өтуде. Осы жылдың 4-тоқсанында құрылысты толық аяқтау және пайдалануға беру көзделген», - дейді ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы. 

Осы объектілер пайдалануға берілген соң Шығыс Қазақстан облысында соңғы 30 жылдағы ауылдық денсаулық сақтау нысандарын салу бойынша ең ірі жоба өз мәресіне жетпек. Жаңа медициналық ғимараттарда күндізгі стационар, екпе, физиотерапия кабинеттері, емдеу бөлмесі және акушерлік кабинет болады. Алғашқы медициналық көмек көрсету пункттері бір ауысымда 50 пациентке дейін қабылдай алады. 

«Ұлттық жоба ең шалғай ауылдардың медициналық инфрақұрылымын жақсартып, олардың тұрғындарына аудан орталығына, қалаға бармай-ақ сапалы медициналық көмек ала алуына жағдай жасайды. Нәтижесінде, Шығыс Қазақстан облысындағы 36 елді мекеннің 25 554 тұрғынына «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, жедел медициналық көмек дер кезінде көрсетіледі. Қажет болған жағдайда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді дәрігерлік амбулатория деңгейіне дейін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Өйткені барлық салынған нысан типтік және бір-бірінен тек мамандар мен орта медициналық персонал санымен ғана ерекшеленеді», - дейді Дидар Кеңесбаев.

16.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 606
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 575
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 597
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 593
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 586
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 607
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 598

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10231
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9218
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12455
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11431
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16440